×
508.3
592.17
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.3
592.17
6.63

Айбек Смадияров Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметінен кетті

Бүгін, 19:45
Айбек Смадияров Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметінен кетті
Сыртқы істер министрлігі

Айбек Смадияров Сыртқы істер министрлігінің халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы – ресми өкілі қызметінен кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол бұл туралы министрлікте өткен апталық брифингіде мәлімдеді.  Ол бұл лауазымда 8 жыл қызмет еткен.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Бұл күнге дайындалдым, бірақ бәрібір дайын емеспін. Осы мінбердің басына шығып, жаңалық таратып отырғаныма 8 жыл болыпты. Біраз жылдан бері бірге жұмыс істедік. Әрине, әр брифинг алдында толқимын. Оңай сұрақ, оңай брифинг болған жоқ. Сіздерге көп рақмет, сіздермен бірге өзім де шыңдалдым, – деді ол журналистерге.

АНЫҚТАМА

Айбек Смадияров 1983 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2004 жылы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті-ін тәмамдаған.

Ол 2005 жылдан бастап қызмет жолын бастаған. СІМ-де түрлі дипломатиялық және ақпараттық қызметтерде — консулдық қызмет, елшілік хатшылығы, баспасөз қызметі, коммуникациялар департаментінің директоры сияқты лауазымдарда жұмыс істеген.

Серіктес жаңалықтары