×
508.3
592.17
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.3
592.17
6.63

Зеленский Трамптың Украинада сайлау өткізу туралы сөзіне үн қатты

Бүгін, 22:46
Зеленский Трамптың Украинада сайлау өткізу туралы сөзіне үн қатты
Украина президентінің баспасөз қызметі

Украина президенті Владимир Зеленский Дональд Трамптың Украинада сайлау өткізу керегі туралы айтқан сөзіне жауап берді. Ол кез келген уақытта сайлауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Зеленский 9 желтоқсанда Римде Италия премьер-министрі Джорджа Мелонимен кездескен кезде ел журналистерінің сұрағына жауап бергенде айтты.

Трамптың сөзін түсіндіргенде, Зеленский қысқа ғана: "Әрдайым дайынмын" деп жауап берді.

Еуропалық Одақ өкілдері де Трамптың сөзінен қатысты пікірін айтты. Олар Зеленскийді заңды президент деп есептейтінін және Украинадағы сайлауды тек жағдай оңалған кезде өткізу керегін атап өтті.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Дональд Трамп Politico басылымына берген сұхбатында Украинада "сайлау өткізетін уақыты келгенін" айтқан. 

Трамп Зеленскийдің қайта жеңіске жетуі мүмкін екенін де ескерткен. Алайда ол сайлаусыз демократия туралы айту қиын деп отыр.

Серіктес жаңалықтары