×
514.74
599.36
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.74
599.36
6.71

Ресей Байқоңырға қатысты шешім шығарды

Бүгін, 09:48
Ресей Байқоңырға қатысты шешім шығарды
Фото: Роскосмос

Ресейдің «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы Байқоңырда соңғы іске қосу кезінде бүлінген платформаны толығымен алмастыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қараша айының соңында зымыран ұшырылғанда қираған қызмет көрсету тұғырының орнына қосалқы платформа орнатылады. Бұл туралы RTVI салалық дереккөзіне сілтеме жасай отырып хабарлады. Оның айтуынша, қосалқы платформаны қолдану жаңа платформаны дайындаудан гөрі зақымданған старт кешенін әлдеқайда жылдам қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

– Қосалқы платформа, яғни ЗИП (жабдықтың қосалқы бөлшектері, құралдары мен керек-жарақтарын жинағы – ред.) табылғаны туралы ақпарат бар. Тіпті жолда болуы мүмкін, – деді дереккөз. Ол бұл бөлшек Плесецк, Байқоңыр, Восточный немесе Куру космодромдарында қолданылатын платформаларға қатысы жоқ екенін нақтылады.

АПАТ

Ресейдің пилоттық ғарыш бағдарламасын ұзақ уақытқа тоқтатуы мүмкін оқиға 2025 жылдың 27 қарашасында Байқоңырда орын алды. «Союз-2.1а» зымыраны экипажбен ХҒС-қа ұшырылған кезінде старттық кешен №31-де үш қабатты салмағы ауыр қызмет көрсету кабинасы қираған. Аталған кешен — Халықаралық ғарыш станциясына адам апаратын «Союз» зымырандарын ұшыруға болатын жалғыз нысан.

Серіктес жаңалықтары