×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы ұсталды

23.01.2023, 09:06
Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы ұсталды
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Антикор мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қорғаныс ведомствосының ақпараттандыру департаменті бастығының м.у.а. бейнеконференцбайланыс жабдығын жеткізу мерзімдерін бұза отырып, қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеткізушіден 20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деп күдіктелуде”, – делінген хабарламада.

Күдікті ұсталып, Астана қаласының тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.