×
514.74
599.36
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.74
599.36
6.71

Жасанды интеллект балалық шақты бұзып жатыр - Аймағамбетов

Бүгін, 23:55
Жасанды интеллект балалық шақты бұзып жатыр - Аймағамбетов
Әлеуметтік желіден

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов телеграм-арнасында The Economist журналы көтерген маңызды мәселеге назар аударды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оның айтуынша, жасанды интеллект тек экономика немесе саясатты ғана емес, балалардың балалық шағын да қалыптастыруға кіріскен.

«The Economist журналындағы мақала жасанды интеллекттің жұмысты, экономика мен саясатты ғана емес, сонымен қатар мызғымастай көрінген балалық шақты да өзгертіп жатқанын көрсетеді», — дейді.

«АҚЫЛДЫ» ОЙЫНШЫҚТАР ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ДОСТАР

Аймағамбетов қазіргі ойыншықтардың технологияланып бара жатқанын атап өтті.

«Қазіргі ойыншықтар "ақылды" болып барады, сол ЖИ қосылған жаңа қуыршақтар балалармен сөйлеседі, репетиторлар цифрлық форматқа көшуде. Ал кейбір елдерде балалар достарына қарағанда, чат-боттармен көбірек сырласатын болған», — дейді депутат.

Бұл тренд балаларға жаңа мүмкіндіктер ашса да, әлеуметтік даму тұрғысынан үлкен сұрақтар туындатып отыр.

ЖИ БЕРЕТІН МҮМКІНДІКТЕР

Депутат ЖИ-дің оң әсерін де атап өтеді:

«Бұрын тек ауқатты адамдарға ғана қолжетімді болған дүниелер, мысалы, дербес оқыту енді көпшілікке қолжетімді болуда» – дейді депутат. 

БАЛАЛАР ҮШІН ТӘУЕКЕЛДЕР 

Алайда Аймағамбетов қауіптерді де жасырмайды:

«ЖИ ешқашан шаршамайды, ренжімейді және дауласпайды. Онымен ғана сөйлесу арқылы бала шыдамдылыққа, эмоцияны оқуға және өз пікірін қорғауға үйренбейді», — дейді ол.

Оның пікірінше, цифрлық ортаға тым бейімделген бала ертең шынайы өмірдегі адамдармен қатынас жасауға қиналуы мүмкін.

МЕКТЕПТЕГІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС НЕГЕ ҚАЖЕТ?

Әлеуметтік дағдыларды дамыту үшін шынайы орта керек. 

«Бұл бізге шынайы, жанды қарым-қатынасты барынша күшейту керектігін тағы бір дәлелдейді. Кітап оқу, пікірсайыс қозғалысы, өзін-өзі басқару сияқты біздің мектеп жобаларымыз ЖИ дәуірінде өмірлік қажеттілікке айналып отыр».- дейді депутат. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Әлем бойынша танымал онлайн-сервистердің жұмысында ақау байқалғанын жазған едік. 

Серіктес жаңалықтары