Қарағанды облысындағы Шешенкара–Қаражанғыл аралық өткелінде жүк пойызы төрт теміржолшыны басып, мерт қылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Шешенкара–Қаражанғыл аралық өткелінде жүк пойызы жоспарлы жұмыстарды орындап жатқан жолшылар бригадасымен соқтығысты. Оқиға 10 желтоқсанда сағат 17:15-те болды.
ҚАЗА
ҚТЖ мәліметінше, қауіпсіздік шараларының сақталғанына және машинистің шұғыл тежеу жасағанына қарамастан, қайғылы оқиғаны болдырмау мүмкін болмаған — төрт жұмысшы көз жұмды.
КОМИССИЯ
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, жұмысқа кірісті.
ҚТЖ басшылығы қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, қажетті қолдау көрсетілетінін хабарлады.