×
518.39
603.09
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.39
603.09
6.68

КҚК-ға жасалған дрон шабуылы салдарынан Қазақстан қанша шығынға батты

Бүгін, 13:39
КҚК-ға жасалған дрон шабуылы салдарынан Қазақстан қанша шығынға батты
ulysmedia.kz коллажы

Новороссийскідегі «Каспий құбыр консорциумының» терминалына жасалған дрон шабуылының салдарынан Қазақстан шамамен жарты миллион тонна мұнай өндіруден айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 29 қарашада КҚК инфрақұрылымына жасалған шабуылдан мұнай өндіру саласына келген нақты шығындарды атады.

«КҚК-ға жасалған шабуылдан кейін Қазақстандағы мұнай өндіру шығыны 480 мың тоннаны құрады, бірақ жылдық жоспар толық орындалады», — деді ол.
 

29 қарашада Украина КҚУ-ға дронмен шабулдаған. Шабуылдан соң Қазақстан сыртқы істер министрлігі Украинаға наразылық нотасын жолдады. Астана болған оқиғаны азаматтық нысанға жасалған үшінші агрессиялық акт деп атаған. Киев дрон шабуылы Қазақстан немесе өзге тарапқа бағытталмағанын, Ресей агрессиясына қарсы өзін-өзі қорғау әрекеті екенін мәлімдеген. 

Мұнай өндіру төмендейді

Ақкенженовтің айтуынша, КҚК терминалындағы мұнай айдайтын үш құрылғының біреуі ғана жұмыс істеп тұр. Біреуі қараша айынан бері жөндеуде тұрса. Ол 15 желтоқсанға дейін іске қосылады. Ал енді бірі дрон шабуылынан кейін істен шыққан. Оны қалпына келтіру мүмкіндігі әзірге тек бағалану сатысында.

Сарапшылардың пікірінше, КҚК арқылы экспортталатын қазақстандық мұнайдың толық көлемін жөнелту үшін терминалда кемінде үш құрылғының екеуі жұмыс істеуі тиіс.

Министр сонымен қатар 2026 жылы Қазақстанның үш ірі мұнай кен орнында — Теңіз, Қарашығанақ және Қашағанда ауқымды жөндеу жұмыстары жоспарланып отырғанын айтты. Бұл өндіріс көлемінің төмендеуіне әкеледі.

Үш кен орнының да 2026 жылы жөндеуге тоқтайтыны Қазақстанның неге белсенді түрде валюталық резерв жинап, алтын қорын көбейтіп жатқанын ішінара түсіндіреді: мұндай «қор» мұнай бағасының төмендеуіне және өндірістің мәжбүрлі қысқаруына дайын болу үшін қажет.

 

Серіктес жаңалықтары