×
518.39
603.09
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.39
603.09
6.68

Кезекті сапар: Рим папасы Қазақстанға келе ме

Бүгін, 19:30
Кезекті сапар: Рим папасы Қазақстанға келе ме
Ашық дереккөзден

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Рим папасы Лев он төртіншіні Қазақстанға Апостолдық сапармен келуге шақырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Арнайы жолдауды Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ватиканға барған ресми қабылдау барысында жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ватиканның Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне назар аударуының ерекше маңызын айтты. Ол Понтификтің сегізінші съезд қатысушыларына арнаған сөзін және қабылданған Қорытынды декларацияны жаһандық диалогты ілгерілетудегі маңызды рухани бағдар ретінде еске салды.

АЙТА КЕТЕЙІК

Рим папасы 2022 жылы қыркүйекте Қазақстанға келген болатын. 

Ол кезде Рим папасы Франциск болған. 

Франциск — Католик шіркеуінің 266-шы понтифигі. Ол 2013 жылы сайланған болатын. Франциск — бұл лауазымға келген Латын Америкасынан шыққан алғашқы Папа, әрі иезуиттік орден өкілі ретінде алғаш рет тағайындалған понтифик.

Серіктес жаңалықтары