×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Елімізде баспана бағасы жыл сайын 10-15% қымбаттап отырады

25.09.2021, 00:53
Елімізде баспана бағасы жыл сайын 10-15% қымбаттап отырады
ашық дереккөз

ҚР Құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиев Қазақстандағы тұрғын үй бағасының өсуін есептеу механизмі туралы айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Тұрғын үй құрылысының құны жыл сайын аз дегенде 10-15% өседі деп сенімді түрде айта аламыз. Тұрғын үй құрылысының бағасы көктем сайын өседі. Көктем бастала салысымен күн жылынып, әрлеу жұмыстары басталады. Жаз бастала салысымен құрылыс материалдары сатыла бастайды және оның бағасы да өсе бастайды. Құрылыс материалдарының бағасы өссе, баспананың әр шаршы метрінің бағасы да өсе бастайды», - дейді Талғат Ерғалиев Құрылысшылар одағының отырысында.

Ол 2022 жылы баспана бағасы қалай өсетінін болжап, баға шамамен 20-30% қымбаттайтыны туралы айтқан болатын.