×
520.02
608.79
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.02
608.79
6.57

Алматыға келе жатқан ұшақта жолаушы қайтыс болды

Бүгін, 10:09
Алматыға келе жатқан ұшақта жолаушы қайтыс болды
pixabay.com

Гуанчжоудан Алматыға келе жатқан ұшақта жолаушы қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. 

ПОЛИЦИЯ ЖАУАБЫ

Бұл ақпаратты көліктегі полиция департаменті растады. Бұл жағдай бойынша Алматы қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімімен қылмыстық іс қозғалған. 

- Алдын ала өлім себебі – созылмалы ауру. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданабақ, делінген көліктегі полиция департаментінің жауабында. 

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

БҰҒАН ДЕЙІН 

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе – Алматы рейсіндегі ұшақта да қайғылы оқиға болған еді. Бір жолаушының жағдайы кенет нашарлап, әуе кемесі шұғыл түрде әуежайға оралды. Дәрігерлер жолаушының қайтыс болғанын растады.

Серіктес жаңалықтары