×
520.02
608.79
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.02
608.79
6.57

Қазақстанда микронесие алу қиындай түседі

Бүгін, 12:41
Қазақстанда микронесие алу қиындай түседі
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда микрокредиттер қымбаттап, жоғары қорландыру құны мен инфляция салдарынан халық үшін қолжетімсіз бола бастайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

BCC Invest сарапшысы Алуа Есболдың айтуынша, микрокредиттеу нарығында скоринг күшейіп, өтінімдердің мақұлдану деңгейі төмендеп жатыр. Мұны әсіресе әлеуметтік осал топтар сезініп отыр, деп жазады LS. Кредит көлемінің өсуі қатарынан мерзімі өткен берешектің де артуына себеп болған: 2023 жылы — 77 млрд теңге, ал 2025 жылдың 9 айында — 98 млрд теңге.

Бұл жағдай микроқаржы ұйымдарын сақтық шараларын күшейтіп, консервативті шешімдер қабылдауға итермелеуде. Халық үшін бұл қымбат кредиттер мен табысқа қойылатын қатаң талаптар. Бұған қоса, реттеушінің талаптарының күшеюі және алдағы салық жүктемесінің артуы да қысым жасайды.

- Пайыздық мөлшерлемелерді өзгерту мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, кей компания шығындардың өсуін комиссиялар мен қосымша төлемдерді реттеу арқылы өтеуге тырысуы мүмкін. Әсіресе реттеушілік талаптар мен салық жүктемесі күшейген жағдайда дәстүрлі микрокредит өнімдерінің тиімділігі төмендейді. Клиенттер үшін бұл шарттардың ашықтығы артқанымен, қызмет көрсетудің толық құнының өсуі және қаржылық тәртіпке қойылатын талаптың күшеюі ықтимал, — деді сарапшы.

Серіктес жаңалықтары