×
520.02
608.79
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.02
608.79
6.57

Аудармашы Украинадағы соғыста анасынан айырылған баланың оқиғасынан көз жасын тия алмады

Бүгін, 14:00
Аудармашы Украинадағы соғыста анасынан айырылған баланың оқиғасынан көз жасын тия алмады
Видео кадры

Еуропарламент аудармашысы ауыр жарақат алған 11 жастағы украиналық баланың оқиғасын тыңдап, көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Видеоны “Настоящее время” басылымы жариялады. Роман 2022 жылғы 14 шілдеде Винницаға жасалған ракеталық соққыдан тірі қалған. Сол шабуылда оның анасы қаза тапқан.

Ауыр күйік пен жарақат алған Романға 36 рет ота жасалып, ұзақ оңалтудан өткен. Соған қарамастан Роман қайтадан мектепке оралып, би мен музыкаға ден қойған, сондай-ақ Украина Президентінен марапат алған.

10 желтоқсанда Роман Брюссельге фильм көрсету шарасына келіп, Еуропарламент депутаттарына өз тарихын баяндап, «ешқашан берілмеуге» шақырды, өйткені «біріккенде біз күштіміз» деді.

Серіктес жаңалықтары