×
520.02
608.79
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.02
608.79
6.57

Алакөлдегі туризм: шенеуніктер тек қатаң сөгіспен құтылған

Бүгін, 18:00
Алакөлдегі туризм: шенеуніктер тек қатаң сөгіспен құтылған
Gov.kz

ОКҚ-да Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған брифингте өңір әкімі Бейбіт Исабаев Алакөлдегі курорт маусымына дайындық кезінде жол берілген кемшіліктер үшін лауазымды тұлғаларға қандай шаралар қолданылғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әкімнің айтуынша, Алакөлде инфрақұрылым мен демалысты ұйымдастыруға байланысты бірқатар проблемалар болған. Дегенмен Исабаевтың сөзінше, келесі маусымда жағдай айтарлықтай жақсаруы тиіс. Ол жоспарланып жатқан және іске асырылып жатқан жобаларды атады: көлге апаратын автожолды жөндеу, жаңа әуежайдың ұшу-қону жолағын салу, жағалауды бекіту жұмыстары, коммуналдық кәсіпорын құру, сондай-ақ кәріз тазарту жүйелерінің құрылысы. Бұған қоса, облыстағы су ресурстарын ортақ пайдалану тәртібі бекітілген.

— Алдағы маусым өткен жылмен салыстырғанда жақсы болады деп сенімді түрде айта аламын, — деді Исабаев.

Өткен жылы Алакөлде болған заңбұзушылықтар үшін қандай жауапкершілік қолданылғаны жөніндегі сұраққа әкім тиісті шаралар қабылданғанын растады. Оның айтуынша, бірнеше басшы жазаланған:

— облыс әкімінің орынбасары — қатаң сөгіс;
— Ақсу ауданының әкімі — қатаң сөгіс;
— бірқатар басқарма басшылары — қатаң сөгіс алған.

Серіктес жаңалықтары