×
520.02
608.79
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.02
608.79
6.57

Қазақша сөйлеп тегін таксимен жүруге болады

Бүгін, 20:40
Қазақша сөйлеп тегін таксимен жүруге болады
Ашық дереккөзден

Теміртау қаласында қазақ тілінде дұрыс жауап берген жолаушыларға тегін жол жүру мүмкіндігін беретін «Таксидегі Quiz» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТІЛДІ НАСИХАТТАУ ЖӘНЕ КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖОЮ

Бұл бастаманың идеясы жергілікті Ресурстық тіл орталығына тиесілі. Жолаушылар таксиде қойылған сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, тегін жол жүруден бөлек естелік сыйлықтар да алады.

Жоба күн сайын кешкі қарбалас уақытта, яғни сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл кезеңде қалада көлік тапшылығы қатты сезіледі.

«Осы уақытта қалада такси жетіспейді. Адамдар жұмыстан кейін үйлеріне қайтады, біреулер баласын балабақшадан немесе мектептен алып, үйірмелерге апарады. Сондықтан дәл осы уақытты таңдадық», – деп түсіндірді бастамашылар.

Ұйымдастырушылардың үміті – мұндай формат тұрғындардың қазақ тілін тұрмыста жиі қолдануына және ауызекі сөйлеуде сенімділігін арттыруға ықпал ету.

БҰҒАН ДЕЙІН

Қазақстанда такси бағасы қымбаттайды. Такси сервисінің жетекшісі Тимур Шалекенов келер жылы жолақы қандай деңгейде өсетіні жөнінде болжамын бөлісті. 

Серіктес жаңалықтары