Жауын-шашынсыз аязды ауа райын қалыптастырған антициклон Қазақстан аумағынан ығысып барады. Оның орнын "қуатты циклон" басады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Синоптиктердің мәліметінше, ылғалды ауа массаларымен қоректенетін циклон республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын әкеледі.
Елдің барлық өңірінде дерлік көктайғақ болып, боран соғып, ауа райы қолайсыз болады. Сондай-ақ жел күшейеді. Қазақстанның батысында, солтүстігінде және орталық өңірлерінде желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін және одан да жоғары болуы мүмкін.
Синоптиктер тұрғындарға ауа райыны ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауды және қолайсыз кезеңде алыс жолға шықпауды ескертті.