×
522.38
612.6
6.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.38
612.6
6.54

Алматыда бірнеше мердігер лицензиясынан айырылды

Бүгін, 17:00
Алматыда бірнеше мердігер лицензиясынан айырылды
pixabay.com

Алматыда 2025 жылғы құрылыс маусымының қорытындысы бойынша инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыру кезінде заңбұзушылықтарға жол берген бірқатар мердігер ұйымны лицензиясы алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев Алматында өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, лицензия жұмыс кезінде талаптардың жүйелі түрде бұзылуына жол берген компаниялардан алынды. Олардың қатарында «AsiaMax» ЖШС, «СК 7 Строй» ЖШС, «Энерджи-Тараз» ЖШС, «Алатау сапа құрылыс» ЖШС бар.

Алмасхан Сматлаевтың айтуынша, жауапсыз мердігерлерге қатысты 30 талап-арыз дайындалып, сот орындарына жолданған. Сонымен қатар, жобалау ұйымдары мен авторлық қадағалау органдарына қатысты да талап-арыз жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде инженерлік желілер мен абаттандыру элементтерінде жобалық шешімдердің дұрыс орналаспау фактілері бар.

Әкім орынбасары анықталған заңбұзушылықтарға байланысты жұмыстарды келісу тәртібі өзгертілгенін атап өтті.

- Ендігі кезекте барлық келісім тек қаланың басқармаларының қатысуымен жүргізіледі. Бұл бақылауды күшейтіп, барлық қатысушылардың жауапкершілігін арттырады, — деді Алмасхан Сматлаев.  

Сондай-ақ спикер мердігер және жобалық ұйымдарға нормативтік талаптарды, жұмыс жүргізу ережелерін және келісу рәсімдерін мүлтіксіз сақтаудың маңызын ескертті. Тиісті рұқсатсыз немесе белгіленген нормаларды бұза отырып жүргізілген жұмыстар қатаң әкімшілік шаралар арқылы тоқтатылады.

- Бұл айыппұлдар, қызметті тоқтату, келтірілген шығынды өтеу, келісім-шарттарды бұзу және лицензиядан айыруға дейін жетуі мүмкін, — деді әкімнің орынбасары.   

Серіктес жаңалықтары