×
522.38
612.6
6.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.38
612.6
6.54

Қаржы агенттігі банкротқа жеткізгендерді әшкереледі

Бүгін, 19:10
Қаржы агенттігі банкротқа жеткізгендерді әшкереледі
Ulysmedia коллажы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұрын бизнесін күйреткен банкирлердің «сұр тізімін» жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАРИЯЛАУҒА АРНАЛМАҒАН

«Ручная Экономика» арнасының авторларының мәліметінше, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы ұйымдары лицензиясынан айырылған жағдайларға себепкер болған топ-менеджерлер туралы деректерді жинақтаған. Бұл тізімге банктерді банкротқа жеткізген немесе өрескел заңбұзушылықтарымен «атаққа» шыққан басқарушылар енгізілген.

Аталған тізім тек ішкі қолданысқа арналған. Оның басты мақсаты — агенттікке қаржы ұйымдарының жұмысын тиімді қадағалауға көмектесу. «Сәтсіз банкирлердің» аты-жөні ашық жарияланбайды.

«Бір банкті банкротқа жеткізген адамның басқа банкке басшы болып келу ықтималдығы аз, бірақ нөлге тең емес», — деп атап өтті «Ручная Экономика» арнасы.

КОНТЕКСТ

Мұндай тізім құру мәселесі Қазақстанда 2023 жылдан бері талқыланып келеді. Бұл шара жаңа проблемалық банктердің пайда болуын болдырмауға және олардың топ-менеджерлеріне қатысты барлық тәуекелдерді әділ бағалауға бағытталған.

Серіктес жаңалықтары