×
522.38
612.6
6.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.38
612.6
6.54

Билеттердің бағасы жанкүйерлерді шошытты

Бүгін, 23:40
Билеттердің бағасы жанкүйерлерді шошытты
Ашық дереккөзден

Англия жанкүйерлері Футбол қауымдастығына хат жолдап, билеттердің бағасына байланысты шара қолдануды талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

2026 жылы Мексика, Америка Құрама Штаттары және Канадада өтетін футбол чемпионатының билеттері жанкүйерлерді таңғалдырды.

ФИНАЛҒА БАРУ ҚАНША ТҰРАДЫ

Ең арзан билет ағылшын жанкүйерлеріне 3128 фунт стерлингке (шамамен 2,1 миллион теңге) түседі.

ЕҢ ІРІ ТУРНИР

2026 жылғы әлем чемпионаты тарихтағы ең ауқымдысы болмақ. Бұрынғыдай 32 емес, 48 ұлттық құрама қатысады.

Қазірдің өзінде 42 команда белгілі, ал қалған алты жолдама 2026 жылдың көктемінде еуропалық және құрлықаралық плей-офф арқылы анықталады.

БАСТАЛУ ЖӘНЕ ФИНАЛ

Турнир 11 маусымда Мексиканың Мехико қаласындағы «Ацтека» стадионында басталады. Ашылу ойынында Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы кездеседі. Чемпион 19 шілдеде Нью-Йорк маңындағы «Метлайф» стадионында өтетін финалда анықталады.

Серіктес жаңалықтары