×
519.61
610.13
6.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.61
610.13
6.54

2026 жылдан бастап тағы алты жол ақылы болады

Бүгін, 10:22
2026 жылдан бастап тағы алты жол ақылы болады
фото: kapital.kz

Келесі жылдан бастап Қазақстанда тағы алты республикалық автожол ақылы режимге өтеді. Бұл учаскелердің жалпы ұзындығы - 1,8 мың шақырым, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Информбюро31 мәліметінше, ақылы жүйеге алғашқылардың қатарында Қарағанды–Балқаш бағыты енгізіледі. Сондай-ақ Ақтөбе–Қандыағаш, Талдықорған–Өскемен және Мерке–Шу тасжолдарында да жол жүру ақысы алына бастайды.

Жолақы мөлшері көлік санаты мен жүрген қашықтыққа қарай есептеледі. Айта кету керек, 2026 жылы тарифтер қымбаттамайды. Алайда төлем жасау тәртібіне өзгеріс енгізіледі. Бұған дейін жүргізушілерге жолақыны өтеу үшін 7 күн берілсе, енді бұл мерзім 30 күнге дейін ұзартылды.

Белгіленген уақытта ақы төленбеген жағдайда, мәліметтер көлік бақылау органдарына жіберіліп, жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Серіктес жаңалықтары