×
519.61
610.13
6.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.61
610.13
6.54

Трамп әкімшілігінің әрекеттері қазақстандықтардың өміріне кері әсер етуі мүмкін

Бүгін, 15:01
Трамп әкімшілігінің әрекеттері қазақстандықтардың өміріне кері әсер етуі мүмкін
Ulysmedia.kz коллажы

Дональд Трамп әкімшілігінің әрекеттері қазақстандықтардың әл-ауқатына кері әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алдағы 1–2 жылда Венесуэлада Мадуро режимі құлауы мүмкін деген сценарий әрбір қазақстандықтың тұрмыс деңгейіне елеулі ықпал етуі ықтимал. Мұндай пікірді экономист, экс-банкир Сұлтан Елемесов айтты. Оның сөзінше, Венесуэла — дәлелденген мұнай қоры бойынша әлемдегі көшбасшы ел. Егер АҚШ бұл елдің мұнай өндірісіне қол жеткізсе, қысқа мерзімде мұнай бағасы күрт құлдырауы мүмкін. Ал бұл Қазақстан үшін созылмалы экономикалық дағдарысқа алып келуі ықтимал.

— Шыны керек, АҚШ мұнай бағасын ұзақ жылдар бойы төмен деңгейде ұстап тұрады дегенге қатты күмәнмен қараймын. Бұл оларға да аса тиімді емес. Сондықтан қандай жағдай болса да, бір жылды қауіпсіз әрі салыстырмалы түрде жайлы өткізуге мүмкіндік беретін қаржылық қор болғаны дұрыс. Қазір «артық ақша қорын» қалыптастыру үшін жаман уақыт емес, себебі депозиттік мөлшерлемелер жеткілікті деңгейде жоғары. Бұл дүрбелеңге немесе күйзеліске түсуге себеп емес, керісінше қаржыны ретке келтіріп, шамадан тыс қымбат несиелер мен өзіңізге ауыр ипотекалардан бас тартып, кем дегенде алты айға, ал мүмкін болса бір жылға жететін қаржылық қор жинайтын қолайлы кезең, — деп кеңес береді сарапшы.

КОНТЕКСТ

Экономист Айдархан Құсайынов та алда елді өте күрделі кезең күтіп тұрғанын айтқан. Оның пікірінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша халық табысы төмендей бастайды, ал 2026 жылы жағдай одан әрі ушығады: жалақылар индекстелмейді және өсім болмайды.

Серіктес жаңалықтары