×
519.61
610.13
6.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.61
610.13
6.54

«Руың кім?» - қазақты кемсітетін фильм бе

Бүгін, 19:10
«Руың кім?» - қазақты кемсітетін фильм бе
Әлеуметтік желіден

Жақында ғана прокатқа шыққан фильм барлық кинотеатрлардан алынып тасталған, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

“РУЫҢ КІМ?”

Бір апта бұрын дәл осындай атаумен кинопрокатқа жаңа отандық комедия шыққан. Бірақ туындының ғұмыры ұзақ болмады. Бір апта өтер-өтпестен ол прокаттан алынып тасталды. 

“Руың кім” фильмі 18 желтоқсаннан бастап белгілі бір себептерге байланысты еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілуін тоқатты, – деп хабарлады “Tiger films” продюсерлік орталығы. 

“БІЗ ЗАҢ БҰЗБАДЫҚ”

Фильмнің сценарий авторы Нұржан Еркінұлы азамат бұны цензура деп қабылдайтынын жазған. 

“Елде цензура басталды Ол күшейе береді. Мен кинодан бүгін-ақ кетіп қаламын. Проблема жоқ. Осындай заман басталғанын түсіндіре алмай отырмын”, – дейді сценарий авторы. 

Депутат Ерлан Сайыров “бұндай фильмдер ұлттың бірлігіне қауіп төндіреді” деп мәжілісте мәселе қылып көтеріпті. 

“Бұл арқылы кинотүсірушілердің не айтпақ болғаны белгісіз. Тіпті бұл фильмде Қазақстанның картасын үш жүзге бөліп қойғанын көрдік. Бұл не деген бассыздық?! Біртұтас мемлекет идеясы қайда? Қазақтың руларын салыстыратыр, кемсітетін фильмдердің мақсаты қандай?”- дейді Сайыров. 

Осылай деген депутат прокатқа шығатын отандық фильмдерді тексеруді ұсынды. Ол үшін арнайы комитет құрылуы керек. 

Ал кинодағы актерлердің пікірінше бұл фильм руға бөлінуді емес керісінше ынтамақты, татулықты насихаттайды. 

Серіктес жаңалықтары