×
514.31
603.03
6.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.31
603.03
6.4

Мәскеу облысындағы оқушы өлімінен кейін Тәжікстан Ресейге нота тапсырды

Бүгін, 17:05
Мәскеу облысындағы оқушы өлімінен кейін Тәжікстан Ресейге нота тапсырды
Фото: AFP

Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі Мәскеу түбіндегі елді мекенде қаза болған Тәжікстан азаматы – төртінші сынып оқушысының өлімін жан-жақты тергеуді талап етті, Ресейдің Душанбедегі елшісі Семен Григорьевке нота тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Азаттық Азияның жазуынша, Тәжікстан сыртқы істер министрлігі «оқиғаға қатысы бар азаматтарды қатаң заңмен жазалауды» талап еткен. Тәжікстан шабуылды «ұлттық өшпенділік»негізінде туындаған деп бағалаған.

Шабуылды 16 желтоқсанда Мәскеу түбіндегі Одинцов ауданының Успенский мектебінің 9-сынып оқушысы жасаған. Ол қарауылдың бетіне бұрыш баллонын шашып, пышақ ұрған, бұдан кейін 10 жастағы оқушыға тап берген. Соның салдарынан оқушы бала көз жұмған. Қаза болған оқушы Тәжікстан азаматы болған.

Шабуылдаушы ұсталған. Ол өзінің әрекетін камераға түсірген. Ресейлік бірқатар ақпарат құралдары мен телеграм-арналары 15-минуттық ролик жариялады. Онда оның шабуылға мектеп дәретханасында дайындалғаны көрінеді. Жасөспірім ол жаққа жарылғыш зат тастап кеткен. Бұдан кейін ол сыныптарды аралап, мұғалімді іздеген. Осыдан кейін бір топ бала мен мұғалімді кездестіріп, олардан «қай ұлтсың» деп сұраған. Содан кейін шабуыл жасалған.

«Осторожно новости» телеграм-арналардың жазуынша, шабуылға дейін бірнеше күн бұрын күдікті сыныптастарына «Менің ашуым» атты манифест жолдаған. Бұл еврей, мұсылман және либералдарға қарсы неонацистік сипаттағы мәтін. Ол сонымен бірге неонацистік символдармен суретке де түскен.

Азаттық радиосының Тәжік қызметінің хабарлауынша, көз жұмған оқушы Қобилжан Әлиевтің анасы жолдасы өлгеннен кейін бірнеше жыл бұрын екі баласымен Ресейге қоныс аударған. Ол баласы оқыған мектепте еден жуушы болып істейді. 17 желтоқсанда Қобилжан Тәжікстанға кетуі керек болған, себебі оның төлқұжат мерзімі біткен.

Тәжікстан ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода да Ресей ішкі істер министрі Владимир Колокольцевтен Ресей жағының оқиғаны мұқият тергеп, кінәлерді жазалауын талап еткен.

Ал Колокольцев «тергеу қатаң бақылауда жүргізіліп жатыр, әділ тергеу үшін барлық шара»жасалып жатқанын мәлімдеген. Бұған дейін шабуылдаушы оқушының өз кінәсін мойндағаныхабарланған.

 

Серіктес жаңалықтары