×
514.31
603.03
6.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.31
603.03
6.4

Кимбозан - жапондарды мойындатқан қазақ баласы

Бүгін, 21:10
Кимбозан - жапондарды мойындатқан қазақ баласы
Ақорда

 Токиода Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұлмен кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мемлекет басшысы Жапонияда білім алып, он жылдан бері ірі халықаралық жарыстарда көш басынан көрініп жүрген Ерсін Балтағұлды қазақстандықтар мақтан тұтатынын атап өтті.

Сонымен қатар бүгін Император Нарухитомен кездесуде балуанның жетістіктері туралы әңгіме қозғалғанын айтты.

Қазақстандық спортшының лақап аты – Кимбозан. Бұл – атақты бапкер әрі төл сумо мектебінің негізін қалаушы, ояката Кисенің туған жері Кумамото префектурасындағы таудың атауы.

БҰҒАН ДЕЙІН

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда ресми сапармен жүр.

Ulysmedia.kz тілшісінің Токиодан хабарлауынша, Қазақстан делегациясының құрамына бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктер енген. Атап айтқанда:

  • Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерболат Досаев;

  • Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Әсел Жанасова;

  • Премьер-министрдің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев;

  • Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз жүргізді. 

Серіктес жаңалықтары