×
514.31
603.03
6.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.31
603.03
6.4

Путин қысымсыз келіссөзге отырмайды - Зеленский

Бүгін, 22:40
Путин қысымсыз келіссөзге отырмайды - Зеленский
Ашық дереккөзден

Украина президенті Владимир Зеленский Еуропалық Одақ пен Америка Құрама Штаттары тарапынан Мәскеуге айтарлықтай қысым қажет екенін айтты. Оның пікірінше, тек осылай ғана Кремльді соғысты аяқтау жөнінде келіссөздерге мәжбүрлеуге болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Егер Еуропалық Одақ Украинаға қосымша қаржыландыруды келісе алмаса, бұл Киевтің әлсіздеу жағдайға түсуіне және дипломатиялық реттеу мүмкіндігіне қауіп төндіреді, деді ол 18 желтоқсан күні Брюссельдегі Еуропалық Одақ саммитіне бара жатқан жолда журналистерге.

ПУТИН ҚЫСЫМСЫЗ ДИПЛОМАТИЯҒА КЕЛІСПЕЙДІ

Зеленскийдің айтуынша, егер осы саммитте Украинаға қолдау көрсету үшін Еуропалық Одақта бұғатталған ресейлік қаражатты пайдалану туралы шешім қабылданбаса, Ресей президенті Владимир Путин келіссөз үстеліне отырмайды.

— Бұл мүлде анық нәрсе: ол ешқандай дипломатиялық жолды қаламайды. Ешқандай дипломатияны, ешқандай диалогты қаламайды, — деді Зеленскийдің сөзін «Еуропалық шындық» басылымы келтірді.

УКРАИНАНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Зеленский Украина әлсіз жағдайда тұрғанын атап өтті, себебі елде соғысты жалғастыруға жеткілікті қаражат жоқ.

— Путиннің бізді басып алуға деген ықыласы артып келеді, өйткені бізде өмір сүруге де, қару-жараққа да ақша жетпей отыр. Ол біздің әлсіз әрі осал болатынымызды түсінеді, — деді ол.

ҚОРҒАНЫСҚА ҚАРЖЫ ҚАЖЕТ

Украина президентінің айтуынша, ел соғысты дипломатиялық жолмен аяқтау үшін барын салып жатыр, бірақ қорғаныс қажеттіліктеріне қаражат қажет.

— Егер бұл соғыс болса, онда бізге бұл ақша керек. Армиямызды және қорғаныс өндірісін қолдау үшін осындай шешім қажет. Әрине, Еуропадан да, әрине, Америка Құрама Штаттарынан әуе қорғанысына арналған зымырандар да қажет, — деп түсіндірді ол.

ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ ШЕШІМІ

Бұған дейін Германия және басқа да Еуропалық Одақ елдері көпшілік дауыспен Ресейдің Еуропалық Одақта бұғатталған қаражатын қайтаруға мерзімсіз тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бұл қадам Еуропалық Одақ елдеріне бұғатталған активтерді әр алты ай сайын қайта дауысқа салмай-ақ, ұзақ мерзімге тоқтатуға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары