×
513.55
602.09
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
513.55
602.09
6.42

АҚШ грин-карта беруді тоқтатты

Бүгін, 13:18
АҚШ грин-карта беруді тоқтатты
ЖИ / ulysmedia.kz

АҚШ-тағы атыстан кейін грин-картаға қатысты шешім қабылданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм күдіктінің елге 2017 жылы DV-1 бағдарламасы арқылы кіріп, кейін грин-карта алғанын мәлімдеді.

АТЫС

13 желтоқсанда Род-Айленд штатының Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде атыс болды. Қайғылы оқиға салдарынан екі адам қаза тапты. Олардың бірі – Өзбекстаннан келген студент Мұхаммад Азиз Умурзоков.

– Президент Дональд Трамптың тапсырмасымен USCIS-ке (АҚШ Азаматтық және иммиграция қызметі – ред.) DV-1 бағдарламасын дереу тоқтату жөнінде нұсқау бердім. Бұл апатты бағдарламаның кесірінен енді бірде-бір америкалық зардап шекпеуі тиіс, – деді Кристи Ноэм.

КОНТЕКСТ

Қазіргі уақытта Қазақстан Еуропалық одақпен визалық режимді жеңілдету жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Сарапшылардың пікірінше, шенген визасын алу тәртібі келесі жылы жеңілдеуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары