Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған «жүргізуші куәлігінің мерзімі алдағы төрт жылда аяқталатын болса, оны алдын ала ауыстыру қажет» деген ақпаратқа Ішкі істер министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды
ТОЛЫҒЫРАҚ
Министрліктің мәлімдеуінше, жүргізуші куәлігін беру және ауыстыру тәртібі өзгерген жоқ. Құжаттар тек мерзімі аяқталған кезде және белгіленген тәртіп бойынша ғана ауыстырылады. Қосымша талаптар, оның ішінде қайтадан емтихан тапсыру немесе қандай да бір шектеулер қарастырылмаған.
ПОЛИЦИЯНЫҢ ЕСКЕРТУІ
Полиция азаматтарды жалған хабарламаларға сенбеуге және ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеруге шақырды. Сонымен қатар, әдейі жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес жауапкершілікке әкелетінін еске салды.
БҰҒАН ДЕЙІН
Қазақстанда жол қозғалысы ережелерін бұзғандарға арнайы балл есептеу жүйесін енгізу ұсынылды.
Ведомство түсіндіргендей, қайталанатын заңбұзушылықтардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін бұзуды баллдық жүйе арқылы тіркеу ұсынылды. Бұл жүйе цифрлық түрде бекітіліп, тәртіп бұзушыларды дер кезінде анықтап, жүргізуші куәлігінен уақытша айыруға мүмкіндік береді.