Белгілі баспагер Бақытжан Бұқарбай құлдық сана термині туралы талдап айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бақытжан Бұқарбай Ұлан Құрманғалиевтің ютуб арнасында сұхбат берген. Жүргізуші сөз арасында қонағынан адам өз санасының азат екенін, болмаса құлдықта екенін қалай ажыратуға болатынын сұрайды.
“Егер адам сыртқы нәрселерге байланатын болса мысалы байлық, билік, мансап яғни өзіне бағынбайтын нәрселерге қарап әрекет ететін болса ол құл дейді ғылымда. Нағыз еркіндік ол өзінің ойын, әрекетін басқарып үйренген адамда” – деп әуелі тақырыпты осылай ашады Бұқарбай.
Ал құлдық сананы айқындайтын негізі маркері ол еркіндік екенін айтады баспагер.
“Құлдық санада жүрген адам еркіндіктен безеді. Өйткені еркіндік туралы ойы қалыптаспаған. Демократиядан адамдар шошитыны содан. Ол дегенің өз бетіңше ойыңа келгенін істеу деп түсінеді. Мәселе олай емес. Еркіндіктің маңызын білетін адам еркіндік жауапкершілікпен бірге келетінін жақсы біледі. Менің еркіндігім өзіме көбірек жауапкершілік алған сайын артады”,– дейді Бақытжан Бұқарбай.
Баспагер өз сөзін құлда жауапкершілік болмайды, жауапкершіліктен қашудың өзі құлдық сананың белгісі деп түйіндейді.