×
517.66
606.49
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
517.66
606.49
6.44

Сноуборд тебуге кеткен: Алматы тауларында жоғалған қыздың мәйіті табылды

Бүгін, 09:05
Сноуборд тебуге кеткен: Алматы тауларында жоғалған қыздың мәйіті табылды
@skiparkpioneer

Алматыда Бутаков сарқырамасы маңында жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 19 желтоқсанда «102» қызметіне марқұмның туысы хабарласып, қыздың таулы аймаққа сноуборд тебуге кеткенін және содан кейін байланысқа шықпағанын айтқан.

Ақпарат түсе салысымен ТЖМ-нің аумақтық бөлімшелерінің күштері мен құралдары, полиция қызметкерлері, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, сондай-ақ еріктілер дереу жұмылдырылды. Оқиға орнында Алматы қаласы мен Алматы облысының жедел штабы құрылды.

ІЗДЕСТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Іздеу-құтқару жұмыстары кезінде Бутаков сарқырамасы ауданынан әйел адамның мәйіті табылды. Кейін мәйітті теңіз деңгейінен 2 100 метр биіктіктен Бутаков шатқалындағы бақылау-құтқару бекетіне түсіріліп, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Барлық қажетті сараптама аяқталғаннан кейін марқұмның жеке басы түпкілікті анықталады.

Іздеу жұмыстарына барлығы 73 адам, 10 техника бірлігі, 5 ұшқышсыз ұшу аппараты және 3 кинологиялық есептоп тартылды.

 

Серіктес жаңалықтары