×
517.66
606.49
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
517.66
606.49
6.44

Әйгілі актер Асанәлі Әшімов өмірден өтті

Бүгін, 13:10
Әйгілі актер Асанәлі Әшімов өмірден өтті
ашық дереккөз

Кино және театр актері, режиссер, педагог, профессор, Қазақ КСР және КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов 88 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаралы хабарды Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының баспасөз қызметі растады.

Асанәлі Әшімов 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылмада дүниеге келген. 

1956-1961 жылдары Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін актер мамандығы бойынша бітірген.

Ол Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры сахнасында М. Әуезовтің «Абайында» Керім, «Еңлік-Кебегінде» Кебек, «Қара қыпшақ Қобыландысында» Айшуақ, «Таңғы жаңғырығында» Жарасбай, Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Қодар, Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Иосиф Татаевич, Шекспирдің «Юлий Цезарінде» Юлий Цезарь, М. Фриштің «Дон Жуанның думанында» Дон Жуан, Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» Еламан, И. Вовнянконың «Апатында» бас кейіпкер, тағы да басқа көптеген қойылымда көрнекті актердің айшықты өнегесі мен өрнекті ізі жатыр. Ал, А. Әшімовтің қара шаңырақ сахнасындағы соңғы күрделі жұмысы Г. Гауптманның «Ымырттағы махаббат» драмасындағы доктор Клаузен және тағы басқа көптеген образды сомдады.

Әшімов – қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актерлердің бірі болып есептеледі. Оның кинодағы Бекежан («Қыз Жібек», 1971), Шадияров (“Атаманның ақыры», 1971, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының, 1972), Мәмбет («Сарқырама», 1973), Қасымханов («Трансібір экспресі»), 1977, бүкілодақтық 11-кинофестивальдің жүлдесі, 1978), Кемел («Нан дәмі»), Нұрғазы («Алатаудың ай мүйізі»), Қаражал («Жаушы», 1980), Шыңғыс хан («Бұлғар даласынан ескен жылы жел», 1998) рөлдері нағыз актерлік шеберліктің үлгісі іспетті. 

Серіктес жаңалықтары