×
517.66
606.49
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
517.66
606.49
6.44

Қазақстан құрамасының экс-бапкері жаңа клубты басқарады

Бүгін, 17:16
Қазақстан құрамасының экс-бапкері жаңа клубты басқарады
kazfootball.kz

Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бұрынғы бас бапкері Әли Әлиев астаналық "Жеңіс" футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, 45 жастағы маманмен бір жылдық келісімшарт жасалған.

"Жеңіс" ФК Әли Әлиевтің мол бапкерлік тәжірибесін, тактикалық дайындығын және жұмысқа деген амбициялы көзқарасын ерекше атап өтті. Клуб басшылығы оның жетекшілігімен команда жаңа маусымда жақсы нәтижелерге қол жеткізеді деп сенім білдірді.

Айта кетейік, Әли Әлиев бұған дейін де "Жеңісті" басқарған. 2025 жылы ол Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарғанымен, Бельгия құрамасынан жеңілгеннен кейін отставкаға кеткен еді.

Серіктес жаңалықтары