2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан азаматтары жеке куәлікті алғаш рет рәсімдеген кезде, сондай-ақ оның қолдану мерзімі аяқталып, ауыстырған жағдайда ешқандай төлем жасамайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ішкі істер министрлігіне қарасты Көші-қон қызметі комитетінің мәліметінше, биылғы жылдың басынан бері елімізде:
– 1,9 млн жеке куәлік;
– 1,1 млн Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
– 303 мың балалар паспорты рәсімделген.
Комитет төрағасы Аслан Аталықовтың айтуынша, алғашқы рет берілетін жеке куәліктер де, мерзімі өткен соң ауыстырылатын құжаттар да мемлекеттік бажсыз дайындалады.
Сонымен қатар, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуіне байланысты паспорт, жүргізуші куәлігі және басқа да құжаттарды рәсімдеу құны қымбаттайды. АЕК көлемі 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге дейін ұлғаяды.