Оңтүстік Кавказды зерттеу орталығының басшысы Фархад Мамедов Әлиев Путин үшін ТМД саммитіне барудан бас тартуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Мамедовтың айтуынша, былтырғы әуе апаты туралы суық хабар Әзербайжан президенті Ильхам Алиевке Санкт-Петербургке ТМД-ның бейресми саммитіне бет алған сәтінде жеткен. Сол кезде Алиев ұшағын кері бұрып, шұғыл жиын өткізген.
Биыл Душанбе қаласында өткен ТМД саммитінде Ресей президенті Владимир Путин кешірім сұрап, апаттың Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің жұмысына байланысты болғанын мойындады. Ол «мұндай жағдайда қажет болатынның бәрі жасалатынын» уәде еткен.
Алайда, арада шамамен екі жарым ай өтсе де, Ресей тарапынан нақты қадамдар жасалмаған: тергеу әрекеттері аяқталмаған, өтемақы төленбеген.
— Ресейде ұшаққа қатысты мәселе шешілмей тұрып, Әзербайжан басшылығы Ресейге ұшып келеді деп шынымен ойлады ма? Дәл Ресейге… Себебі ТМД саммитінің өзіне қатысты Әзербайжанның ешқандай мәселесі жоқ. Бұл Душанбе қаласында анық көрінді. Әзербайжан Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасты сапалық жаңа деңгейге шығарды — бұл ТМД-ның үштен екісі. Армениямен екіжақты формат алға жылжып жатыр, Беларусьпен де екіжақты деңгейде бәрі дұрыс. Сонда тек Ресей ғана қалып отыр… және оның себебі бәріне түсінікті, — деді сарапшы.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, өткен жылдың қазан айында Душанбе қаласында өткен ТМД мемлекеттері басшыларының саммиті аясында Ресей мен Әзербайжан президенттері бір жыл ішіндегі алғашқы ресми екіжақты кездесуін өткізген. Кездесу телекамераларсыз, бетпе-бет форматта өткен. Сол кезде Владимир Путин 2024 жылғы желтоқсанда «Әзербайжан әуе жолдары» ұшағын Ресей атып түсіргенін мойындаған. Ulysmedia.kz осы әңгімеден кейінгі салдарлар туралы жазған еді.