×
517.66
606.49
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
517.66
606.49
6.44

Нәлібаев әкім болғалы Қызылорда облысында белсенділерді ұстау жиілегені рас па?

Бүгін, 17:04
Нәлібаев әкім болғалы Қызылорда облысында белсенділерді ұстау жиілегені рас па?
скриншот

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыста түрлі себеппен ұсталған белсенділерге қатысты сұраққа нақты жауап бере алмады. Ол белсенділер мен журналистердің өзін кінәлай сөйледі, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

22 желтоқсанда Нұрлыбек Нәлібаев Астанада «Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» брифингтен кейін журналистердің жекелеген сұрағына жауап берді.

«Әкім, мырза, айтыңызшы, сіздің өңіріңізде байқалып отырған қауіпті үрдісті қалай түсінугеболады? Алты адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Екі журналистке қатысты сот процесі жүріп жатыр. Бірақ ең қызығы, белсенділер де сіз қызметке кіріскеннен бері сотқа тартылуда. Мұны қалай түсіндіре аласыз?», – деп сұрады журналистердің бірі.

Нұрлыбек Нәлібаев өзі әкім болып келгелі ұсталған белсенділер мен журналистер туралы екіұдай пікір білдірді. Бірде ондай жағдайдан хабардар емес екенін айтса, енді бірде облыста болып жатқан жағдайлардың барлығын білемін деді.

«Қалай ол? Бізге дейін де болған. Заңмен, тәртіппен жұмыс жасаса оған ешкім үндемейді. Ол сұрақты құқық қорғау органдарына қою керек. Қалай бұндай жағдайлардың орын алғанын сіздерге баяндап береді», – деді ол.

«Не себепті әкімдікке, сізге сын айтқан белсенділер мен журналистер [қамалып жатыр]?», – деген сұраққа Нәлібаев:

«Мен ондай сын естіген жоқпын... Мен барлығынан хабарым бар. Өйткені облыста қызмет жасап жатқаннан кейін барлық жағдайды білемін. Ал маған байланысты, менің кезімде сондай жағдайлар көбейіп кетті десе, мен оны міндетті түрде еститін едім. Сол себепті сіздің әріптестеріңіз таза жұмыс жасасын. Таза адамға ешкім іс те қозғамайды. Ешкім жауапқа да тартпайды. Өздерінің кінәсі бар...», – деді әкім.

Нәлібаев қандай кінә екенін білмейтінін, іс қозғалды деп айтылған соң осындай сөз тіркесін қолданғанын айтты.

Контекст

Былтыр Қызылорда облысындағы мәселелерді көтеріп, жергілікті билік жұмысына сын айтып жүрген белсенді Сандуғаш Тұрлыбекованың сот шешімімен «бопсалау» айыбымен 4 жыл 8 айға бас бостандығы шектелген.  

Белсенді ұсталып, қамауға алынған уақытта Қызылорда облысының полиция департаменті Тұрлыбекова «Қорқытып алу» бабымен күдікке іліккенін хабарлаған.

Сандуғаш Тұрлыбекова 2020 жылдың 16 шілдесінде Жаңақорған кентінің ауруханаларын аралап жүрген Қызылорда облысының сол кездегі әкімі Гүлшара Әбдіхалықованың алдынан шығып, «Ханның қызысыз ба?» деп төтесінен сауал қойып, жол жабылудың себебін сұрап, түсірген видеосы тарағаннан кейін көпшілік назарына іліккен.

Бұдан өзге, биыл қазанда екі бірдей белсенді Ақлима Ертайқызы мен Ерғали Күлбаевтың сот санкциясымен қамауға алынғаны айтылған.

Серіктес жаңалықтары