×
517.66
606.49
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
517.66
606.49
6.44

Қазақстанда сапасыз дизель отыны анықталды

Бүгін, 17:35
Қазақстанда сапасыз дизель отыны анықталды
Фото: pinterest

Қазақстанда қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін дизель отыны сатылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бақылау сатып алуы барысында Ақтау қаласында ДТ-Л-К4 маркалы дизель отынының техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған. Атап айтқанда, отындағы күкірт мөлшері 115 мг/кг болып шыққан. Ал қолданыстағы норма – келісіне 50 мг-нан аспауы тиіс.

Аталған дерек бойынша сотқа талап арыз берілген.

РЕСМИ ПІКІР

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мәліметінше, Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2025 жылғы 19 қарашада талапты толық көлемде қанағаттандырған.

- Сот шешімімен кәсіпкерлік субъектісінің техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін ДТ-Л-К4 маркалы дизель отынына қатысты иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығынан айырылуы туралы шешім қабылданды, – делінген хабарламада.

ЕНДІ НЕ БОЛМАҚ

Сот актісіне сәйкес, тәркіленген дизель отыны кәсіпкердің өз қаражаты есебінен жойылуға, кәдеге жаратылуға немесе қайта өңдеуге жіберілуі тиіс.

Серіктес жаңалықтары