×
515.02
604.22
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.02
604.22
6.5

Белсенді Ринат Рафхат қайтыс болды

Бүгін, 19:40
Белсенді Ринат Рафхат қайтыс болды
Әлеуметтік желіден

Белгілі белсенді Ринат Рафхат дүниеден озды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қаза туралы фейсбук желісіне Құрал Сейітханұлы жазды. 

Бұл саяси оппозициялық бағытта күрескен азамат. 2016-жылғы Атырау қаласындағы бес мың адам жиналған митингке қатысқан жігіт. Кейбіреулер секілді митингке шықпаса да, өтірік оппозициялық посттар жазып, масқара болған жоқ.Ринатпен бірге талай митинглерде, талай ұзақ сапарларда болдық. Екеуміз ғана кездесіп, сағаттап отырып әңгімелескен кездеріміз болды. Соңғы рет Ринатты үш жыл бұрын Әйгерім Тілеужан мен Қалас Нұрпейісовтің даулы сотында көріп едім. Ооо Құреке деп жақсы амандасып еді.Туыстарына көңіл айтамын. Қазаның арты қайырлы болсын!- деп жазды Құрал Сейітханұлы. 

РИНАТ РАФХАТ

Ринат Рафхат ұзақ жылдар бойы құқық қорғау саласында еңбек етіп, «Халықаралық құқықтық бастама» ұйымымен бірге жұмыс істеді. Оның қызметі негізінен азаматтардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және әділ сот жүйесін талап етуге бағытталды. Белсенді ретінде ол қоғамдағы әділетсіздіктерді ашық айтып, құқықтық реформаларға назар аударды. Сонымен қатар, ол қамаудағы журналистер мен белсенділердің жағдайына алаңдап, олардың денсаулығы мен құқықтарының сақталуына қатысты пікір білдіріп отырды. Мәселен, ол Әйгерім Тілеужанның қамаудағы жағдайына байланысты бірнеше рет үн қатып, оған шұғыл медициналық көмек қажет екенін жариялаған.

Серіктес жаңалықтары