«Қазгидромет» синоптиктері 24 желтоқсан, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астанада – бұлтты, қар жауады, жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде –9…–11°C, күндіз –1…+1°C.
Алматыда – бұлт аралас, жауын-шашынсыз, жел 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде –3…–5°C, күндіз +1…+3°C.
Шымкентте – бұлт аралас, жауын-шашынсыз, жел 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде –2…–4°C, күндіз +4…+6°C.
Ақтауда – бұлт аралас, жауын-шашынсыз, жел 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде +1…+3°C, күндіз +4…+6°C.
Ақтөбеде – бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде де, күндіз де –3…–5°C.
Атырауда – бұлт аралас, сулы қар жауады, жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде де, күндіз де 0…–2°C.
Жезқазғанда – бұлт аралас, жауын-шашынсыз, жел 6–11 м/с. Ауа температурасы түнде –5…–7°C, күндіз 0…–2°C.
Қарағандыда – бұлт аралас, қар жауады, жел 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде –8…–10°C, күндіз –3…–5°C.
Көкшетауда – бұлт аралас, жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде –5…–7°C, күндіз –2…–4°C.
Қонаевта – бұлт аралас, жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –4…–6°C, күндіз 0…+2°C.
Қостанайда – бұлтты, қар жауады, жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –8…–10°C, күндіз –2…–4°C.
Қызылордада – бұлт аралас, жауын-шашынсыз, жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде –2…–4°C, күндіз +4…+6°C.
Павлодарда – бұлт аралас, жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –8…–10°C, күндіз –3…–5°C.
Петропавлда – бұлтты, қар жауады, жел 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде –7…–9°C, күндіз –5…–7°C.
Семейде – бұлт аралас, жауын-шашынсыз, жел 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде –15…–17°C, күндіз –6…–8°C.
Талдықорғанда – бұлт аралас, жауын-шашынсыз, жел 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде –18…–20°C, күндіз –2…–4°C.
Таразда – бұлт аралас, жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –1…–3°C, күндіз +5…+7°C.
Түркістанда – бұлт аралас, жауын-шашынсыз, жел 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде –3…–5°C, күндіз +4…+6°C.
Оралда – бұлт аралас, сулы қар жауады, жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде де, күндіз де –10…–12°C.
Өскеменде – бұлт аралас, жауын-шашынсыз, жел 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде –18…–20°C, күндіз –8…–10°C.