Қазақстанда ипотекалық кредиттеу нарығында айтарлықтай төмендеу байқалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
СТАТИСТИКА
Қараша айының қорытындысы бойынша жеке тұлғаларды кредиттеу көлемі 1,4 трлн теңгеге жетті. Бұл қазан айымен салыстырғанда 1,7%-ға аз және наурыздан бергі ең төменгі көрсеткіш. Ал кепілсіз тұтынушылық несиелер, керісінше, 5,4%-ға өскен. Мұндай деректерді Data Hub Бірінші кредиттік бюро мәліметтеріне сілтеме жасап келтіреді.
ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН АВТОНЕСИЕ
Сонымен қатар автонесие беру көлемі күрт қысқарған. Айлық есеппен алғанда, көрсеткіш 14%-ға төмендеп, шамамен 181 млрд теңгені құрады. Ипотекалық кредиттеу нарығында да елеулі құлдырау тіркелді — 8,3%-ға азайып, 228 млрд теңгеге дейін түсті.
КОНТЕКСТ
Қазақстанда ипотека халықтың тек 30–40 пайызына ғана қолжетімді. Бұл туралы «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» президенті Зауреш Батталова мәлімдеген.