2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық тауарлардың шетелге сатылымы танымал маркетплейс арқылы 62 пайызға артты. Жергілікті кәсіпкерлер ішкі нарықпен шектелмей, өнімдерін басқа елдерге жиі шығара бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЕҢ БЕЛСЕНДІ САТЫП АЛУШЫ АЙМАҚТАР
Wildberries маркетплейсінің дерегіне сәйкес, Қазақстанда ең белсенді онлайн сатып алушылар Алматы мен Астана қалаларының тұрғындары, сондай-ақ Қарағанды, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары болды.
Қазақстандықтар көбіне сұлулыққа арналған тауарларды, киім-кешекті, азық-түлікті және үйге қажетті заттарды сатып алған.
2025 ЖЫЛДЫҢ НЕГІЗГІ ТРЕНДТЕРІ
2025 жылы ерекше байқалған үрдіс – үйге және өзін күтуге деген қызығушылықтың артуы. Ең көп сұранысқа ие болған тауарлар:
Витаминдер мен күтімге арналған косметика сатылымы екі есеге жуық өсті. Бұл халықтың денсаулыққа деген назарын арттырғанын көрсетеді.
ТЕХНИКА МЕН АСПАЗДЫҚ ЖАБДЫҚТАРҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ
Қазақстандықтар техникаға да көбірек көңіл бөле бастады. Олар жиі сатып алған тауарлар:
Ас үйге арналған тауарлар ішінде аэрогрильдер мен шарап сақтайтын шкафтар ерекше танымал болды. Олардың сатылымы өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есе артқан.