Қазақтарға қатысты қорлайтын сөздер айтты деп айыпталған Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Іс Санкт-Петербургтың Ленин аудандық сотында тіркелген, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Қылмыстық іс өшпенділік қоздыру, сондай-ақ адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсіту баптары бойынша қозғалған. Сот отырысы 2026 жылғы 29 қаңтарға белгіленген.
Бұған дейін Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі ресейлік танымал боксшы, WBA нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға іздеу жариялаған болатын.
ІІМ мәліметінше, Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалып, оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.
Екатерина Биволдың үстінен іс қозғауға оның әлеуметтік желіде жариялаған видеосы себеп болған. Онда ол қазақтар мен қырғыздарға қарата ар-намыс пен қадір-қасиетін кемсітетін сөздер айтқан.