×
512.81
604.19
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.81
604.19
6.57

Қостанай облысында аяздан мектептер онлайн режимге ауыстырылды

Бүгін, 09:03
Қостанай облысында аяздан мектептер онлайн режимге ауыстырылды
Фото - Caravan.kz

Қостанай облысының бірқатар қалалары мен аудандарында ауа райының күрт суытуына байланысты мектеп оқушыларының бірінші ауысымдағы сабақтары уақытша қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Kazinform агенттігінің мәліметінше, 26 желтоқсанда Рудный қаласында 0–11 сынып, ал Лисаковск қаласында 0–9 сынып оқушылары онлайн режимде білім алуға көшірілген.

Қолайсыз ауа райы облыстың өзге өңірлерін де қамтыды. Қарабалық ауданында сынап бағаны –28 градусқа дейін төмендеп, желдің жылдамдығы секундына 5 метрге жеткен. Осыған байланысты 1–9 сынып оқушылары үшін сабақтар тоқтатылып, оқу онлайн режимге ауыстырылған.

Жітіқара ауданында және Арқалық қаласында бірінші ауысымда оқитын 1–11 сынып оқушылары онлайн форматқа көшірілді. Әулиекөл ауданында да осы санаттағы оқушылар қашықтан білім алуда.

Алтынсарин ауданында 0–9 сынып оқушылары, ал Амангелді ауданында бірінші ауысымдағы 0–4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Жергілікті билік органдарының айтуынша, бұл шешім оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында қабылданған. Сабақтардың алдағы форматы ауа райының жағдайына қарай қосымша хабарланбақ.

 

Серіктес жаңалықтары