Өзбекстан ғарышқа алғашқы ғарышкері мен жер серігін ұшыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Бүгін, 26 желтоқсанда, парламент пен ел халқына арнаған жолдауында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев ғарышқа жасанды жер серігін және елдің тұңғыш ғарышкерін ұшыру бағытындағы жұмыстар басталғанын мәлімдеді.
«Бұл бастама Жаңа Өзбекстанның ғылыми-техникалық дамуына қуатты серпін беріп, жалпы ұлттық дамуымызды жаңа деңгейге көтереді деп сенемін. Өзбекстанның ғарышкері ата-бабаларымыз ашқан жұлдыздарды тамашалайтын болады», – деп Шавкат Мирзиеевтің сөзінен үзінді келтірді spot.uz.