×
512.81
604.19
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.81
604.19
6.57

Путин жер айырбастау жайлы айтты

Бүгін, 20:40
Путин жер айырбастау жайлы айтты
Ашық дереккөзден

Ресей президенті Владимир Путин Украинамен бейбіт келісімге қол қойылған жағдайда Ресей тарапынан да «жер аумағының ішінара айырбасталуы мүмкін» екенін жоққа шығармады. Бұл туралы «Коммерсант» газеті Мемлекеттік кеңес отырысының қорытындысына сүйене отырып жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖЕР ТАЛАПТАРЫ ЖӘНЕ КЕЛІСІМДЕР

Путин Анкоридждегі саммитте келісілген кейбір жеңілдіктерге дайын екенін айтты. Украиналық «Страна.ua» басылымының дерегінше, Кремль Запорожье мен Херсон облыстарынан украин әскерін шығару талабынан бас тартуы ықтимал. Бұл аймақтар 2022 жылғы «референдумнан» кейін Ресей құрамына енгізілгенін Мәскеу жариялаған еді.

АҚШ-ПЕН КЕЛІССӨЗДЕР

Путиннің сөзінше, Ресей мен Америка Құрама Штаттары қазір Запорожье атом электр станциясын бірлесіп басқару мәселесін талқылап жатыр. АҚШ тарапынан электр энергиясын Украинаға жеткізу және станциядағы қосымша өндіріс жобаларына қызығушылық болған. Путин украин мамандары станцияда жұмыс істеп жатқанын, тек олардың құжаттары ресейлік болып өзгергенін айтты. Сонымен қатар ол Еуропа елдерімен келіссөздерден кейін АҚШ кей ұсыныстарынан бас тартқанын «әлсіздік белгісі» деп бағалады.

УКРАИНА ЖӘНЕ ТРАМП КЕЗДЕСУІ

26 желтоқсан күні Украина президенті Владимир Зеленский жақын уақытта Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамппен кездесетінін жариялады. Ол Telegram арнасында «Жоғары деңгейде келісімге келдік. Жаңа жылға дейін көп нәрсе шешілуі мүмкін» деп жазды.

Серіктес жаңалықтары