×
512.81
604.19
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.81
604.19
6.57

Ақтау ұшақ апаты: Баку істің толық аяқталуын күтеді

Бүгін, 21:40
Ақтау ұшақ апаты: Баку істің толық аяқталуын күтеді
Ulysmedia коллажы

Әзербайжан сыртқы істер министрі Жейхун Байрамов Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкиннен хат алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Онда Ақтау маңындағы әуе апатына қатысты қылмыстық істің жабылғаны айтылған. Бұл шешім Бакуде түсінбеушілік туғызды.

ӘЗЕРБАЙЖАННЫҢ ҰСТАНЫМЫ

Байрамовтың айтуынша, Әзербайжан Ресей президентінің мәлімдемелері мен кешірімдеріне сәйкес істің толық аяқталуын күтеді.

«Біздің күткеніміз – екі ел басшылары арасындағы келіссөздерге сай істің аяқталуы. Бұл мәселеге де анықтық енгізіледі деп ойлаймын», – деді министр.

АҚТАУДАҒЫ ӘУЕ АПАТЫ

2024 жылдың 25 желтоқсанында Әзербайжан әуе компаниясы AZAL-дың Баку – Грозный бағыты бойынша ұшқан ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады. Бортта 67 адам болған: 37-сі Әзербайжан азаматы, 16-сы Ресейден, 6-ы Қазақстаннан, 3-і Қырғызстаннан. Қайғылы оқиғада 38 адам қаза тапты, олардың ішінде үш экипаж мүшесі, екі ұшқыш бар.

Қазақстан көлік министрлігінің көліктегі оқиғалар мен төтенше жағдайларды тергеп-тексеру департаменті былтыр желтоқсанда Ақтау түбінде апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағына қатысты аралық есеп жариялады. Құжатта әуе кемесінің зақымдануына оқ-дәрі бөліктерінің зақымдаушы элементтері әсер еткен болуы мүмкін деген тұжырым жасалған. 

Серіктес жаңалықтары