×
512.81
604.19
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.81
604.19
6.57

Жолға шықпаңыз - қай өңірлерде жол жабық

27.12.2025, 00:05
Жолға шықпаңыз - қай өңірлерде жол жабық
Ulysmedia коллажы

26 желтоқсан кешінде ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанда бірден бес республикалық жолда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ

Сағат 19:00-ден бастап «Сарыөзек – Көктал» автожолының 40–68 шақырым аралығы, Алтынемел асуы арқылы өтетін бөлігі жүк көліктері үшін жабылды.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Бірнеше бағытта қозғалыс тоқтатылды:

  • «Өскемен – Риддер – Ресей шекарасы» жолының 15–105 шақырымы (Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін).
  • «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – Ресей шекарасы» жолының 1104–1191 шақырымы (Глубокое ауылынан Шемонаиха қаласына дейін).
  • «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман бұлақтары» жолының екі бөлігі:
  • 7–166 шақырым (Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін);
  • 166–250 шақырым (Алтай қаласынан Үлкен Нарын ауылына дейін).

Серіктес жаңалықтары