Павлодар облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жантүршігерлік жол апаты салдарынан екі жүргізуші оқиға орнында қаза тауып, бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 27 желтоқсан күні "Павлодар – Омбы" автожолының Бобровка ауылы маңында Тойота Vitz маркалы автокөліктің жүргізушісі көктайғақ жағдайында көлікті басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Хендай Акцент автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Автокөліктер арнайы айыптұраққа қойылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
Павлодар облысының полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдық режимін асырмауға, көлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылауға және ауа райы жағдайларын ескеруге үндеді.