"Қазгидромет" синоптиктері алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 27 желтоқсанда елдің шығыс өңірлерінде қолайсыз метеорологиялық құбылыстар күтіледі.
27-29 желтоқсан аралығында батыс өңірлерде қар жауып, боран соғады, ал 29 желтоқсанда Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталық аймақтарында да қар мен боран болжанып отыр.
Қалың қар
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанда ауа температурасы құбылады. Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде түнде ауа температурасы –10…–18 °C-қа дейін төмендеп, күндіз –8…0 °C шамасында болады.
Елдің шығысында түнде –15…–20 °C, күндіз –5…–10 °C болады.
Оңтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 0…+5 °C, таулы аудандарда –5…–10 °C болады, ал күндіз +5…+15 °C-қа дейін жылынады. Таулы аймақтарда күндізгі температура –4 °C пен +1 °C аралығында құбылады.