×
504.6
594.27
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.6
594.27
6.48

Елена Рыбакина Қытайда Олимпиада чемпионын жеңді

Бүгін, 14:20
Елена Рыбакина Қытайда Олимпиада чемпионын жеңді
ашық дереккөзден

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Шэньчжэньде (Қытай) өткен World Tennis Continental Cup турнирінде Олимпиада чемпионы Белинда Бенчичті жеңді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Матч екі сетте аяқталды: 6:3, 6:4. Бұл Рыбакинаның осы жылдағы соңғы жеке матчы болды. Ол осы кездесуде сенімді ойнады.

Бенчич айтарлықтай қарсылық көрсете алмады.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Жақсы матч болды. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын және командамызға көмектесе алғаныма ризамын. Андрей Рублевпен жұптық сындағы ойынға келсек, қызық болғалы тұр. Біз бар күшімізді салып, жеңіске жетуге тырысамыз, – деді Рыбакина матчтан кейінгі сұхбатында.

Ол енді осы турнирде Андрей Рублевпен бірге Валентен Вашро мен Ига Швентек жұбына қарсы ойнайды.

Серіктес жаңалықтары