×
504.6
594.27
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.6
594.27
6.48

ЕО Израильдің Сомалилендті мойындауын айыптады

Бүгін, 17:01
ЕО Израильдің Сомалилендті мойындауын айыптады

Еуропалық одақ Израильдің Сомалилендті мойындау шешіміне қарсы шықты және Сомалидің аумақтық тұтастығын сақтау қажет екенін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы тиісті мәлімдемені Еуропалық сыртқы қатынастар қызметі жариялады. Құжатта ЕО Сомалилендті 1991 жылдан бері дербес іс жүргізіп келгеніне қарамастан, Сомали Республикасының ажырамас бөлігі ретінде қарастыруды жалғастыратыны атап көрсетілген.

КОНТЕКСТ

Бұған себеп болған оқиға – 2025 жылғы 26 желтоқсанда Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен өзін дербес мемлекет жариялаған Сомалиленд республикасының президенті Әбдірахман Мохамед Абдуллахи арасындағы өзара мойындау туралы декларацияға қол қоюы болды.

Израиль ресми түрде Сомалилендті мойындаған алғашқы мемлекетке айналды. ЕО кез келген аумақтық мәртебеге қатысты қадамдар халықаралық құқыққа сай және Сомалидің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеу аясында жасалуға тиіс екенін атап көрсетті.

Серіктес жаңалықтары