×
504.6
594.27
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.6
594.27
6.48

"Соғысты аяқтайтын кез келді": Трамп пен Зеленский келіссөзден кейін

Бүгін, 08:03
"Соғысты аяқтайтын кез келді": Трамп пен Зеленский келіссөзден кейін
Фото: Brian Snyder / Reuters

Келіссөздерден кейін журналистер алдында сөйлеген сөзінде Дональд Трамп Украинаға бейбіт келісімді дәл қазір жасасқан тиімді екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оның айтуынша, ең күрделі әрі ең сезімтал мәселе – аумақтар. Процесті соза берсе, ел одан да көп жері мен адамынан айырылуы мүмкін деп санайды Трамп. Ол Украинаның «батыл күрескенін» атап өтті, алайда өз пікірінше, қақтығысты аяқтайтын уақыт жеткен. АҚШ президенті Украинаға келуге дайын екенін де айтты, бірақ мұны келісім жасалғаннан кейін жасауды жөн көретінін жеткізді. Сондай-ақ Владимир Зеленский пайдалы деп тапса, Жоғарғы Радада сөз сөйлеуі мүмкін екенін мәлімдеді.

АЭС ТАҒДЫРЫ

Трамп Запорожье атом электр станциясына қатысты да жеке тоқталды. Ол бұл мәселені Владимир Путинмен талқылағанын айтып, өз сөзінше, Ресей басшысы «станцияны ашу үшін Украинамен жұмыс істеп жатыр». Сондай-ақ Трамп АЭС-ке зымыран соққылары жасалмаған деп есептейтінін айтып, мұны Мәскеу тарапынан ұстамдылық ретінде бағалайтынын аңғартты. Владимир Зеленский бұл тақырыпқа қатысты көпшілік алдында пікір білдірген жоқ.

СОҒЫС ҚАШАН АЯҚТАЛАДЫ

Соғыстың қашан аяқталатыны туралы сұраққа жауап бере отырып Трамп оның «бірнеше апта ішінде» аяқталуы мүмкін екенін айтты, бірақ ұзаққа созылатын сценарийді де жоққа шығармады. Кездесудің қорытындысын шығара келе, Трамп Зеленскиймен өткен келіссөздерді «өте жақсы» деп бағалап, тараптар ықтимал келісімге айтарлықтай жақындағанын мәлімдеді. Бұдан кейін, оның айтуынша, еуропалық көшбасшылармен әңгіме болған, оны да соғысты тоқтатуға бағытталған жолдағы өнімді әрі маңызды қадам ретінде сипаттады.

Серіктес жаңалықтары