×
504.6
594.27
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.6
594.27
6.48

Қаңтар оқиғасы кезінде "адам ұрлады" деп айыпталған күдікті Қазақстанға экстрадицияланды

Бүгін, 12:28
Қаңтар оқиғасы кезінде "адам ұрлады" деп айыпталған күдікті Қазақстанға экстрадицияланды
Фото: Pixabay.com

Грузиядан Қазақстанға «адам ұрлады» деген күдікке ілінген Ресей азаматы экстрадицияланды. Ол бірнеше жыл бойы шетелде бой тасалап жүрген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Бас прокуратураның мәліметінше, Ресей азаматы 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Тергеу дерегіне сәйкес, ол Алматыда адамдарды ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетіне қатысқан. Қылмыскерлер ұрланған қала тұрғындарының мүлкін күш қолдану арқылы тартып алған.

Күдікті үш жылдан астам уақыт бойы құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген. 2025 жылдың қыркүйегінде ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланған. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторында қамауда отыр. Оған тағылып отырған айып бойынша мүлкін тәркілей отырып, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қаңтар оқиғаларына қатысы бар ма?

Алғашында Бас прокуратура таратқан хабарламада экстрадицияланған азаматтың 2022 жылғы Қаңтар оқиғаларына қатысып, «жаппай тәртіпсіздіктерге белсенді түрде араласқаны» туралы ақпарат болған. Кейін бұл мәлімет ресми хабарламадан алынып тасталды.

Серіктес жаңалықтары